"Төтенше жағдайлардың алдын алу"сейсмологиялық жаттығу
Төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс әрекет жасау керектігін үйрету мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында (р/о) сейсмологиялық жаттығу іс-шаралары өткізілді. Ең алдымен құтқару қызметінің мектеп ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, 🔉🔊🔊«Баршаның назарына, төтенше жағдайға байланысты сыртқа шығуларыңызды өтінеміз!!!»🔉🔊🔊 дабылы жеткізілді. Барлық оқушылар, қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа (мектептің