“Адалдық – асыл қасиет” тақырыбында 2"Б",4"Б" сыныптарында тәрбие
“Адалдық – асыл қасиет” тақырыбында 2"Б",4"Б" сыныптарында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттердің мәнін түсіндіру, оларды өмірде адал болуға, шыншылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Сабақ барысында оқушылар адалдық туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірден алынған мысалдар келтірді, бейнероликтер тамашалап, сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар арқылы өз көзқарастарын білдірді.