13
октябрь
2022
"Көпжақтар"тарауы "Пирамида және оның элементтері.Дұрыс пирамида"
Посмотреть онлайн файл: schet_k_oplate2080210_22-555.pdf
Посмотреть онлайн файл: schet_k_oplate2080210_22-556.pdf Геометрия11сынып.
"Көпжақтар"тарауы "Пирамида және оның элементтері.Дұрыс пирамида" тақырыбы бойынша 11"А" сыныбымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: пирамида элементтерін білу, жазықтықта кескіндей алу, пирамида элементтерін табуға есептер шығара алу.
Сабақ барысында оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс- тәсілдер, оқу мақсатына қол жеткізу үшін сабақтың әр бөлімінде түрлі тапсырмалар орындалды. "Серпілген сауал"әдісі бойынша теориялық білімді қайталауда ұжымдық жұмыс, Семантикалық карта "Формула" әдісі бойынша формулаларды еске түсіру жеке жұмыс, "Ойлан,топтас,бөліс" берілген көпжақ моделі арқылы элементтерін табу топтық жұмыс,
Түсін де,түйінде", көпжақ жазбасы арқылы фигура құрастыру жеке жұмыс,
"Конверттегі тапсырма" Бейбітшілік және келісім сарайы,Хеопс пирамидалары туралы берілген есептерді шешіп тарихи мәлімет берілсе, өмірдегі пирамида тәріздес жылыжай есебінде жылыжайды қаптауға қанша материал кететіндігін есептеп шығару дарынды баламен жұмыс орындалды.Сабақтықорытындылау мақсатында 'Контекстік тапсырма" есебі практикалық жұмыспен ұштастырылды.Оқушылар өздеріне ұнаған үш қызықты сәтті стикерлерге жазып кері байланыс берді.Сабақ жоғары деңгейде өтті.Математика пәні мұғалімі Бекжанова Манат Шекербековна.