23
февраль
2021
«Ұлттық қорғанысты сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» атты әскери-спорттық эстафеталық ойындар
ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл, "1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне" орай, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, оқушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке, жылдамдыққа, ептілікке үйрету мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ұлттық қорғанысты сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» атты әскери-спорттық эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараны мектеп-гиназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы ашып, мерекемен құттықтап, әскери патриотизмді қалыптастыруда, төзімділік пен шыдамдылыққа үйрететін, тактикалық, химиялық қорғаныс, саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытатын бұл ойындардың маңыздылығына тоқталып өтті. Іс-шарада әділ-қазылар алқасы сайланып, командалардың автоматты АК-74 бұзып, жинау, тыныс алуға жарамсыз ортада қолданылатын газқағарларды ОЗК уақытқа киюден, кермеге тартылу, жарақатты таңу, алғашқы көмек көрсету бөлімдері бойынша әскери-спорттық дағдыларын бағалады. Қатаң санитарлық режим сақталынған іс-шара соңында, нәтижесі шығарылып, командалар арнайы дипломдармен марапатталды.