«TopIQ» электронды оқулықтардың платформасымен таныстыру
Жамбыл облысы Меркі ауданы Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 17 қазан күні қазақ редакциясының бас редакторы Әбдішүкірұлы Өмірзақ және IT бөлімінің маманы Мырзағазы Елжан Бауыржанұлы білім беру саласындағы «TopIQ» электронды оқулықтардың бірінші ұлттық платформасымен таныстырды. Әбдішүкірұлы Өмірзақ «TopIQ» электронды оқулығы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен талаптарға сай жасалғаны және платформада үш баспадан 1-11 сыныптар аралығында 112 оқулықтар туралы толық мәлімет берді. Елжан Бауыржанұлы платформа қолайлы әдістеме ретінде ұстаздардың жұмысын жеңілдететінін, оқушылардың білім, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға фото, видео, аудио және қызықты интерактивті тапсырмалар сияқты мультимедиалық материалдар алуына мүмкіндік беретіні туралы ақпараттарға тоқталып кетті. Электрондық оқулықтар «Күнделік» платформасымен интеграцияланған, яғни мұғалім осы ұлттық журналдар мен күнделіктер платформасы арқылы тапсырмалар беретін жолдарын көрсетті. Мұғалімдер электрондық оқулықтардағы балалардың сабақтары үшін бағаларды бірден «Күнделік» бағдарламасына қоя алатынын көрсетті. Мұғалімдер «TopIQ» электронды оқулықтардың бірінші ұлттық платформасы туралы толық мәлімет алды.