23
февраль
2023
Ағылшын тілі апталығының аясында Есмаханбетова Асель Омирзаковна 7 "Б" сыныбында " Reading and talking about film genres" тақырыбында ашық сабақ көрсетті
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім мектеп- гимназиясында 23.02.2023 күні Ағылшын тілі апталығының аясында Есмаханбетова Асель Омирзаковна 7 "Б" сыныбында " Reading and talking about film genres" тақырыбында ашық сабақ көрсетті.
Мақсаты: оқылым дағдысын дамыта отырып, фильм жанрларын ажыратуға және тақырып бойынша сын есімдерді айтылым дағдысында пайдалануға үйрету.
Білім алушылар жаңа сабақтың тақырыбын ,,Ассоциация" тәсілі арқылы ашты. Үй тапсырмасы "Ыстық орындықта" тексеріліп, оқушылар бағалау критерийлері бойынша бір-бірін бағалады.
Эрнест Хемингуэйдің "The Old men and The Sea" шығармасы желінде түсірілген "Шал" атты отандық киносын "Венн диаграммада" топтар талдап, шығарма мен киноның арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды талдады.
Әртүрлі деңгейге әзірленген тапсырмалар жұптық жұмыс кезінде "Ашық хат" тәсілі арқылы іске асты.
"Видеовикторина" арқылы жеке жұмыс жасалынды. Рефлексия "Instagram" желісігде алынды. english_7b_ аккаунтының "сторисіне" салынған сабақтың маңызды тұстарына оқушылар өз комментарийлерін жазып қалдырды. Сабақтың соңында мұғалім әр оқушының белсенділігін, ерекшелігін бағалап, үй тапсырмасын берді