10
март
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті бірліестігінің айлығы аясында 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай, сыныптан тыс «Ұлы Тұранның ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді
ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2023 жылдың 10-наурызы күні Қазақ тілі мен әдебиеті бірліестігінің айлығы аясында 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай, сыныптан тыс «Ұлы Тұранның ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді.
Мақсаты: А. Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері, әдеби шығармаларымен таныстыру. Отанын сүюге, елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
«Халқым нашар тұрса, менің жақсы өмір сүргенімнен не пайда?» Осындай ұранмен өмір сүрген Асанбай Асқаровтың туғанына – 100 жыл!
А.Асқаров — Меркі топырағында туып-өсіп, еңбек жолын қарапайым мұғалімнен бастап, мемлекет және қоғам қайраткеріне айналған бірегей тұлға. Тағдырдың талай тақсіретін тартса да адамдық, адалдық қасиетін асқақ ұстап, өмір өзегіне кір шалдырмай кеткен азамат.Оның бұл қасиеттері Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып тұрғанда да өзгерген жоқ. Үш облыстың тізгінін ұстаған 26 жылда Асқаровтай ерен тұлға елдің қасиетін, жердің қадірін кемел жүрекпен сезініп, өзі өскен өлкесінің өркендеуі жолында аянбай еңбек етті.
Оқырмандар конференциясы барысында "Мен еліммен біргемін" бөлімінде баяндама оқылып, "Сыр сандықты ашып қара..." бөлімінде Асанбай Асқаровтың жырлары әңгімеленіп, "Ұрпақ үні..." бөлімінде оқырмандар пікірі тыңдалды және мәнерлеп оқу бойынша көптеген сайыс жүлдегері - 8 «А» сынып оқушысы Аманжол Абылай мен Керімқұл Аянаттың өлеңдері тыңдалып,оқушылар назарына ұсынылды. Біздің мектебімізге берілген тұғыры биік ұлы тұлға есімін мақтан етеміз. Халқына адал қызмет етуге, ұлы тұлғалардан үлгі-өнеге алуға әрдайым дайынбыз. Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз - ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда XX ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Әр адамның өз келбеті, өз жан - дүниесі болады.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімі мәңгілік сақталмақ.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержан Оразбаев