24
август
2023
Әдістемелік кеңес отырысы
2023 жылдың 24 тамыз күні әдістемелік кеңестің кезекті №1 отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: 1.2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат жобасымен таныстыру.2.Әдістемелік кеңесті құру, құрамын анықтау.3.Әдістемелік кеңестің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту; әдістемелік бірлестіктер құру, бірлестік жетекшілерін тағайындау;3.Мұғалімдердің күнтізбелік жоспар жасауын, оның бағдарламаға сәйкестігін қарау, талдау; 4.Жаз мезгілінде біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдер іс-тәжірибесімен бөлісу. Алғашқы сөз кезегін директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.С.Адильбекова сөз алды: Жаңа оқу жылдың ҚР ӘНХ жоба ерекшеліктерімен таныстырды. Келесі сөз кезегі жаз мезгілінде курстан өткен мұғалімдер Н.А.Игенбек, А.Жузбаева, Ш.Бердибаева, А.Абылова, Ж.Бимбетова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.