Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылуы өтті. » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылуы өтті.
09
ноябрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылуы өтті.

Ағымдағы жылдың 9-қараша күні  қазақ  тілі   мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің «Қазақ тілімен әдебиеті сабақтарында білім беру паргдимасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы айлығының ашылуы өтті. 
    Қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарында ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген құндылықтарды ұстаным ете отырып, білім алушылардың академиялық жетістікке жету үшін шығармашылық қабілеттерін тиімді дамыту жолдарын ұсыну мақсатында ашық сабақтар мен түрлі сабақтан тыс іс-шаралар өтеді.
        Айлықтың ашылуы аясында қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу, қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу, тілін, елін сүйе білуге үйрету мақсатында  «Әдеби кафе» өз жұмысын жүргізіп, ұжымға, оқушыларға өз «мәзірін» ұсынды. 
     Нақтырақ айтсақ, келушілер төрт түрге топтастырылған сұрақ түрлерін таңдай отырып, дұрыс жауап беру нәтижесінде таңдаған дәмін алды.
     Әдетте сұрақтарды жуан және жіңішке деп жіктесек, бұл «мәзірде» өзгерек болды.
  «Сұйық сұрақтар» бойынша қазақ тілі біліміне қатысты ұғымдар, терминдер мен тіл туралы заңға қатысты сандық ақпараттарға негізделген жеңіл сұрақтар қойылып, «мәзір» ішінен ұлттық сусынымыз айран ұсынылды.
    «Қатты сұрақтар»  бойынша мақал-мәтелдер ішінен жасырылған сөздерді тауып «мәзірден» ұлттық тағамның түрі –құрт ұсынылды.
    «Майлы сұрақтар» мақсатты тақырып бойынша берілген өлең үзінділерінің авторын табуға,сондай-ақ ана тілімізге қатысты айтылған ой тұжырымдардың мазмұнын ашуға бағытталды.Тұшымды ойын жеткізу арқылы «мәзірдегі» ұлттық тағамымыз-бауырсақтан дәм татты.
      «Тәтті сұрақтар»   бойынша мақал-мәтел,қанатты сөздердің жалғасын тауып, «мәзірдегі» тәттіні алды.
    «Үйге тағам алу» кезегінде келушілерге тіл тақырыбындағы нақыл сөз жазылған кітапша таратылып, есті сөздерді есте ұстауға шақырдық.
    «Майлы сұрақтар» мақсатты тақырып бойынша берілген өлең үзінділерінің авторын табуға,сондай-ақ ана тілімізге қатысты айтылған ой  тұжырымдардың мазмұнын ашуға бағытталды.Тұшымды ойын жеткізу арқылы мәзірдегі ұлттық тағамымыз –бауырсақтан дәм татты.
  «Тәтті сұрақтар» бойынша мақал-мәтел,қанатты сөздердің жалғасын тауып мәзірдегі тәттіден дәм татты.
    «Үйге тағам алу»  кезегінде келген  келушілерге тіл тақырыбындағы нақыл сөз жазылған кітапша таратылып,есті сөздерді есте ұстауға шақырдық. Әдеби кафеге келушілер легі көп болды.Оқушылар мен ұстаздарда  да дәм татып белсенділікпен қызыға қатысты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив