22
ноябрь
2023
10 «А»сыныбында «Отбасы құндылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
• Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пән айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маукебаева Гульфария Амановна 10 «А»сыныбында «Отбасы құндылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалай алу және әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қ о л д а н ы п , шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу,• мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза және талдай алу сияқты оқу мақсаттарымен жұмыс жасады. Педагог тақырып аясында тәрбие тұжырымдамасына сәйкес сабақты құндылықтармен шебер үйлестіре білді. Әдістермен жұмыс жасауда білім алушылардың дағдылары қалыптасқан. Тыңдалым мәтінімен топтық жұмыс жасауда да әр топ тапсырманы жауапкершілікпен орындай білді.