01
декабрь
2023
Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» олимпиадасы өтті.
2023 жылдың 1 желтоқсан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» олимпиадасы өтті. Аудандық кезеңіне жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 49 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда логикалық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.