10
январь
2024
Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында "Сапалы білім: Тиімді жоспарлау. Нәтижелі сабақ" айлығының салтанатты ашылуы өткізілді.
10.01.2024ж. аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында "Сапалы білім: Тиімді жоспарлау. Нәтижелі сабақ" айлығының салтанатты ашылуы өткізілді. Білім алушылар логикалық есептердің шешудің тиімділігін, "Жас ғалымдар" алаңы әртүрлі тәжірибелер көрсетті. Қылқалам шеберлері сурет салудың әдістерін көрсетсе, спортшылар шахмат ойнауды, еркін күрес шеберлері жаттығу түрлерін көрсетті. "Жас экологтар" қалдық заттарға екінші өмір сыйлап, қолөнер жұмыстарын көрсетті. Жас ақындар жыр оқып жалындаса, бишілер мың бұралып биледі.