26
февраль
2024
ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы өткізілді.
2024 жылғы 21 ақпан - 24 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш және орта сынып оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан «Щучинский» шипажайының базасында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткізілді. Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар болды.Мектебіміздің 6г сынып оқушысы Алиева Залина қолданбалы математика секция бойынша қатысып, өзінің зерттеу жобасын жоғары деңгейінде қорғап, нәтижесінде І дәрежелі дипломмен марапатталды.Оқушының бойындағы зерттеу қабілетін дамыта отырып, жетекшілік еткен математика пәнінің мұғалімі Кельгенбаева Гульсара Абдыманаповна.