18.12.2024ж «Қызықты математика» тақырыбында 5- сыныптар аралығында сыныптан тыс сабақ
18.12.2024ж «Қызықты математика» тақырыбында 5- сыныптар аралығында сыныптан тыс сабақ өткізілді.
Жауапты пән мұғалімі: Бәкел А.С.
Тақырыбы: «Қызықты математика» .Іс-шара түрі: топтық жарыс.
Мақсаты:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту,математикадан алған
білімдерін толықтырып, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, өз тұжырымын дәлелдей білуін дамыта отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Таныстыру рәсімі.
1 кезең «Ширату»
2.кезең «Кім жылдам»
3. кезең «Теңге алу»
4. кезең «Ханталапай» (логикалық сұрақтар)
Барысы: Сайысқа екі топ қатысты: «Білгірлер» мен «Тапқырлар».
1 кезең «Ширату» математика пәні бойынша сұрақтарға жауап берді.
2 кезеңде мақал мәтелдерге байланысты сұрақтарға ұяшықтарды таңдау арқылы жауап берді.
3 кезең «Теңге алу »кезеңінде топ басшылар лездік сұрақтарға жылдам жауап беріп ұшқыр ойлайтындығын көрсетті.
4. Кезең «Ханталапай» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап берді.
Қорытынды.
Сайыстың қорытындысы бойынша «Білгірлер» тобы 230 ұпай жинап І орынға ие болды, «Тапқырлар» тобы 150 ұпай жинап ІІ орынға ие болды.
Оқушылар ұйымдастырылған іс шараға қызығушылықпен белсене қатысты.

