14
февраль
2025
Оқушылардың сауаттылығы мен іскерлігі, танымдық, логикалық сауаттылығын арттыруға арналған сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.
Магниттік мектептерден келетін білім алушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау мақсатында 14.02. күні "Ақпараттық бәйге" тақырыбында информатика пәнінің мұғалімдері А. Кемелова мен Р. Альменованың ұйымдастыруымен ақпараттық бәйге ойын сабағы өткізілді. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігі, танымдық, логикалық сауаттылығын арттыруға арналған сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Білім алушылар белсенділікпен, пәнге деген қызығушылықпен қатысты. Мектеп психологы Б. Алипова " Нәтижелерді бағалау және рефлексия" тақырыбында оқушыларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Қосымша білім беру педагогтары концерттік бағдарламада білім алушылардың өнерлерін ұйымдастырды. Қысқы оқу аралық сессияда оқушылардың қабілетін жан - жақты дамытуға арналған жұмыстар сапалы жүргізілді.
















