13
март
2025
«Ұлы Отан соғысы – тарих пен тағылым»
2025 жылдың 13 наурызында «Ұлы Отан соғысы – тарих пен тағылым» Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған тарих айлығы аясында, тарих пәні мұғалімі Ж.А.Сахова 11 «А» сынып оқушыларымен «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ сарбазының ерлігі мен қаһармандығын еске алу, батырлардың оқиғалары туралы әңгімелеу және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру. Іс-шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаяны туралы деректер айтылып, бейнебаян көрсетілді. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білеміз. Батырлардың ерлігін ешкім де еш қашанда ұмытпақ емес!










