28
апрель
2025
Көктемгі қорытынды сессия аяқталды.
Магниттік мектептермен жұмыс- бұл оқыту сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды жүйе. Сессия жұмысы барысында тірек мектептері мен магниттік мектептердің бірлесіп жұмыс атқаруы білім беру сапасын жетілдіру мақсатында түрлі шараларды жүзеге асырады. А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында (ресурстық орталық) көктемгі қорытынды сессиясы талаптарға сай өз жұмысын қорытындылады. Магниттік N33, N34, N35 жалпы орта білім беретін мектептерінің 8-11 сыныптарынан 114 білім алушылар сессия мерзімінде келіп білім алды. Сессия мерзімінде оқушылардың келу, кету қауіпсіздігіне, дәстүрлі форматта өткізілуіне мектеп директорлары N 33 Е.Далиев, N34 Қ.Боржықов, N35 С. Қасымова жауапкершілікпен қарап ұйымдастырды. Пәндер бойынша кіру, шығу тесттері алынып, білім сапалары шығарылды.






