26
ноябрь
2025
7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік олимпиада
2025 жылдың 26 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтынан алынды. Негізгі 12 пән бойынша олимпиадаға барлығы 78 оқушы қатысты. Пәндер бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 20 оқушы олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жіберілді.
