Бос орынға конкурс жариялау Предшкола
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының
білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақ және орыс топтарына мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі»
бос лауазым орнына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қазақ және орыс топтарына мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі» педагогының (санаты В2-4) – 2 бірлік, лауазымдық жалақысы
№ | Санаты | Лауазымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде | |
Теңгеден | Теңгеге дейін | ||
1 | В2-4 | 100000 | 150 000 |
Конкурс хабарландыру жариялаған сәттен жеті жұмыс күн ішінде «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі);
заттық-дамытушылық ортаны құрады;
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Қосымша білім беру конкурсына қатысу үшін:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығы туралы анықтама.
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Төмендегі мекен жай бойынша конкурс Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында ресми түрде жарияланған соң жеті жұмыс күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін өткізіледі.
Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі
Сарымолдаев ауылы С.Омарходжаев көшесі №1 мекен-жайында орналасқан,
байланыс телефоны: 8(72632)4-07-25, 87075683977.
Құжаттарды 04.09.2023 – 12.09.2023 жыл аралығында қабылданады.