БОС ОРЫНҒА КОНКУРС. Әлеуметтік мұғалім(Оқыту тілі: Қазақша , Орысша) » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ОРЫНҒА КОНКУРС. Әлеуметтік мұғалім(Оқыту тілі: Қазақша , Орысша)
02
сентябрь
2024

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС. Әлеуметтік мұғалім(Оқыту тілі: Қазақша , Орысша)

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС. Әлеуметтік мұғалім(Оқыту тілі: Қазақша , Орысша)


Ресми жалақы: :150000 нан 200000 ₸
Жұмыспен қамту түрі :Толық жұмыспен қамту
Оқыту тілі : Қазақша, Орысша
Білім : Жоғары, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистр, PhD докторы)
Сағат саны : 8
Құжаттарды тапсырудың басталу күні:02.09.2024
Құжаттарды тапсырудың аяқталу күні:11.09.2024
Тұрақты  бос лауазым

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.


Ұйым туралы ақпарат

Ұйымның атауы : "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы : Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Сарымолдаев ауылы,Сағыналы Омарходжаев көшесі,1
Электрондық пошта : merkeshkolagimnazia1@yandex.kz
Байланыс нөмірі: +7 7263240725

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив