Бос орынға конкурс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
16
октябрь
2025

Бос орынға конкурс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бос орынға конкурс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жамбыл облысы әкімдігінің  білім  басқармасы   Меркі ауданының   білім  бөлімінің   «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп- гимназиясы (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

бос орындарға конкурс жариялайды.


1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев  ауылы Омарходжаева көшесі №1 мекен-жайында орналасқан, байланыс телефоны: 8(72632) 4-07-25, электрондық поштаmerkeshkolagimnazia1@yandex.kzЖамбыл облысы әкімдігінің  білім   басқармасы  Меркі ауданының   білім   бөлімінің  «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп- гимназиясы (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  тұрақты орын бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


2. Лауазымдық міндеттері: 

 тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

 тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

 аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; 

 тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; 

 тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

 педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

 тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

 білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

 психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

 мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

 білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

 тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

 киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

 білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

 кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

 есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

 ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;; 

 мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

 "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

 адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

 білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

 педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

 білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

 туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; 

 білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

 білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

 59. Білуге тиіс: 

 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 педагогика және психология негіздері;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; 

 педагогикалық этиканың нормалары;

 экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; 

 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 60. Біліктілікке қойылатын талаптар:

 тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

 және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Еңбек ақы штаттық кестеге сәйкес 120 мың теңге (жүз жиырма мың теңге) 

Жұмыс уақытының мөлшерлі ұзақтылығы сабақ кестесіне сәйкес.

4. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландырудан кейін келесі  жеті жұмыс күні ішінде 16.10.2025 жылдан - 28.10.2025 жыл аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мектеп базасында жұмыс күндері сағат 9.00- 13.00, 14. 00-18.00-ге дейін қабылданады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу      (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

        Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.      

Ұйым туралы ақпарат

Ұйымның атауы : "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Мекен-жайы : Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Сарымолдаев ауылы,С.Омарходжаев көшесі,1
  Электрондық пошта : 
merkeshkolagimnazia1@yandex.kz
  Байланыс нөмірі: 8(72632)4-07-25

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив