17
март
2022
«Заң аясында» тақырыбында кездесу

Іс-шараның мақсаты : оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау. Балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату.Кездесу барысында оқушылар мен мектеп инспекторына сұрақтар қойып, көкейдегі сұрақтарына жауаптарын алды.