13
октябрь
2022
құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу мақсатында күндізгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді
2022 жылдың 13 қазан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу мақсатында күндізгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Бала , саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелгендігі, әрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балалар екендігі туралы ата-аналарға ескерту мақсатында күндізгі рейд жүргізілді. Рейд барысында ҚР Әкімшілік Кодексінің 127,442, 474 баптары туралы ақпарат берілді.