28
октябрь
2022
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мобильді топ мүшелері 2022 жылдың 28 қазан күні кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдке шықты. Рейд жұмыстары аудан аумағындағы орналасқан ойынханалар мен кафелерде, мейрамханаларда жүргізіліп, заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, оқушылардың үйлеріне түнгі 23.30 барып, ата-аналарына ескерту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.