17
ноябрь
2022
«Адам құқығы-бала құқығы», «Қатыгездіксіз зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндік
2022 жылдың 17 қараша күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Республикалық «Адам құқығы-бала құқығы», «Қатыгездіксіз зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндіктер аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!" тақырыбында 6-11 сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: жасөспірім қыздарға зорлық-зомбылық туралы ақпарат бере отырып, адам құқығы оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту болып табылды.Бұл іс-шараға Меркі ауданының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Оразбаева Айгүл, Меркі ауданының учаскелік полицейі Төламан Жалғас, Меркі ауданының «Ұшқын» жастар орталығының дәрігерлері және ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Бұл іс-шарада жыныстық тиіспеушілік,ерте жүктіліктің зорлық-зомбылықтың алдын алу кеңестері берілді.Мектептің әлеметтік педагогтарының тарапынан тренингтер жүргізілді