09
декабрь
2022
«Бала құқықтары туралы Конвеция» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
«10 желтоқсан – Адам құқықтары күні» 2022 жылдың 9 желтоқсан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Бала құқықтары туралы Конвеция» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушыларға заңдар туралы ақпараттандырып, өз құқықтарын білуге үйрету.
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз.