04
апрель
2023
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру. 2023 жылдың 4 сәуір күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 6-8 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ өмірім» атты тақырыпта эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салты туралы ұғымдарын кеңейту болып табылды. Байқауда ең үздік эссе жазған оқушылар 1,2,3 орынмен марапатталды.1 орын 8"Б" сынып оқушысы Мамедова Камаля, 2 орын Пашаева Айсель, 3 орын Шагалдиева Айлин марапатталды