23
октябрь
2023
БАЛАЛАР - ИНТЕРНЕТ -МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК
БАЛАЛАР - ИНТЕРНЕТ -МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК
Бүгінде ғаламтор өмірімізге дендеп кірді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары баршылық. Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "БАЛАЛАР -ИНТЕРНЕТ- МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК " тақырыбында дебат (пікірталас) өткізілді.
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту,тиянақтау, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу;
-Оқушыларды өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Пікірталаста 2 топтан құралған "Болашақ" фракциясы үкімет тарапынан және "Мұрагер" фракциясы оппозиция тарапынан пікір сайысқа түсті.
Қатысушылар пікірталас барысында уақытты ұтымды пайдалана отырып, өз позицияларын қорғай алды. Ойын өте тартысты да, қызықты өтті. Ойын барысында өздерінің ұшқыр ойларымен және тапқырлық қасиеттерімен жоғары деңгейде көрсете алды