29
ноябрь
2023
ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ
🎗️ Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді. Ағымдағы жылдың 2023 жылдың 25-қараша мен 10 желтоқсан аралығында "зорлық зомбылықсыз 16 күн белсенділік!" атты акция өткізілуде. 2023 жылдың 29 қараша күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің қызметкерлерімен «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау 16 күн» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп психологы Е. Олжабай тренинг жүргізді. Мектептің директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Таукебаева заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектептің кәсіп одақ төрайымы көп балалы ана Нурланкулова Жазира Солтанайқызы қатысып, отбасындағы бақытты қалай орнатуға болатындығы туралы кеңес берді