13
май
2024
Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы аясында «ҰРЛЫҚ- ТҮБІ ҚОРЛЫҚ» кездесу өткізілді
Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы аясында «ҰРЛЫҚ- ТҮБІ ҚОРЛЫҚ» кездесу өткізілді
2024 жылдың 13 мамыр күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларымен «Ұрлық-түбі қорлық» тақырыбында Меркі ауданының полиция инспекторлары Бисен Нұртас және мектеп инспекторы Ерішбай Гүльзат,ДҚТЖО А.Таукебаева кездесу өткізді. Бөтеннің мүлкін рұқсатсыз алып, иемдену заң аясында қудаланатыңдығы ескертілді. Ұрлық, қылмыстық құқықта — мүлікті жасырын қымқыру. Ұрлық қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың қатарына жататыңдығы ескертілді. Кездесу барысында жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері су, өрт, жол-көлік, тау бөктеріндегі қауіпсіздік ескертілді. Оқушыларға видео фильм көрсетіліп, ойларын ортаға салды