03
сентябрь
2024
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН БІЛЕЙІК — АМАН-ЕСЕН ЖҮРЕЙІК!

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Оқушылардың алғашқы оқу жылы кезінде сақтыққа тәрбиелеу мақсатында 03.09.2024 ж. күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектеп инспекторы, полиция аға капитаны Мұхтар Талшын Қанатқызы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таукебаева Айгүл Әріпқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына профилактикалық жұмыстар жүргізілді. "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!" тақырыбында жолда жүру ережелері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:оқушыларға қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауға үйрету, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің, бағдаршамның атқаратын қызметін үйрету. Іс шара барысында «Қауіпті аймақ», «Жол қателікті кешірмейді»,«Бөгде адам» тақырыптарында қауіпсіздік ережелерімен жан-жақты таныстыра отырып, қауіпті аймақтармен таныстырып оқушылармен сұрақ-жауап арқылы бөгде адамдармен сөйлесуге болмайтындығы туралы ескертіп, түсінгендерін нақтылады. Сонымен қатар инспектор мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балаларға жолда жүру ережесін жаяу жүргіншілер жолағымен өткізіп, күре жолдағы, автобус ішіндегі, жаяу жүргіншілер жолындағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жолда жүру ережесі түсіндіріліп, өмір, жол қауіпсіздігінің маңызы туралы айтылды