12
ноябрь
2025
«Құқық бұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында жиналыс өтті.
12.11.25 күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп- гимназиясында «Құқық бұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Іс-шараға Меркі ауданы әкімдігінің кәмелеттік жасқа толмағандар комиссиясының төрағасы М.А Өмірбек АПБ-нің аға инспекторы Д.Т Омарова, Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері Б.Б. Дауренбеков, Меркі ауданының орталық емханасының басшысының м. а. А. А. Аманжолов қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар құқық бұзушылықтың түрлері мен салдары, заң алдындағы жауапкершілік туралы түсініктер алды. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы талқыланды.



