08
сентябрь
2025
«Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.






2025 жылдың 8 қыркүйек күні А.Асқаров атындағы ЖОББТМГ-ның 5-6 сыныптарында «Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері оқушылар арасында жақсы мінез-құлық қалыптастырудың маңызды аспектілерін қамтитындығы бойынша бейнежазба, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді.Бұл ережелер оқушыларды адамгершілік құндылықтарын түсінуге, жағымсыз мінез-құлықтан аулақ болуға және әлеуметтік ортада дұрыс әрекет етуге үйретеді. Мінез-құлық ережелері жамандық пен жақсылықтың, адалдық пен арамдықтың айырмасын ұғынуға көмектеседі. Сабақ барысында мінез-құлықтың жетістіктері мен кемшіліктері талқыланды. Оқушыларға жақсы адам болу және тұлғалық даму мақсаттарына жету жолдары көрсетілді