16
апрель
2026
«Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.


Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 14 сәуір күні 5-6 сынып оқушыларының арасында нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу айлығы аясында «Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және нашақорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тақырыпқа сай суреттер салып, өз ойларын бейнелеу арқылы жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, марапатталды