«Нашақорлықтың зардабы» бейне фильмі
2022 жылдың 12 – желтоқсан күні «Нашақорлықтың зардабы» тақырыбында есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері өкінішке ұрындырар, балаларының келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан – жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгеніде зиянды әдеттердің қасиеттерінен қорғай білуге, салауатты өмір салтын ұстануға, нашақорлықтың алдын- алу мақсатында 5 -11 сынып ата - аналарына онлайын арқылы бейне фильм қөрсетілді.
Бейнефильде оқушының марихуананың ықпалындағы адамның басы айналатыны, жүрісі бұзылатыны, үнемі күле беретіні және есте сақтау қабілетінің төмендейтіні, жайлы көрсетілді.Зиянды заттарды пайдалануда оның ішінде ең алдымен опим пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады. Ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген. Ата – аналар бейнефильм көрсетіліп сұрақтар қойылды.Осы бойынша ата – аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.