22
май
2021
" 2020-2021 оқу жылының қорытындылары" ата-аналар жиналысы
Ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету мақсатында №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 22 мамыр күні Республикалық жалпы ата-аналар жиналысы педконсилиум түрінде өтілді.
Сыйымдылықты асырмау және арақашықтықты сақтау мақсатында педконсилиум әр параллель сыныптарда әр түрлі уақытқа белгіленіп, екі бөлім бойынша өткізілді:
⭕1 бөлім - сынып жетекшінің баяндамасы
1. 2020-2021 оқу жылының қорытындылары
2. Оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші),
3.Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру
4.Мектеп формасы
⭕2 бөлім - баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата-ана мен мұғалімнің жеке сөйлесуі.
Мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы, әр сыныптың ата-аналарымен сұхбаттасып, бүгінгі педконсилиумның ерекшелігіне тоқталып, әр ата-ана өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат алатыны туралы, алдағы уақытта ашық есік күндері, жеке қабылдау күндері өткізілетінін айтып, белсенділік көрсеткен ата-аналарды "Алғыс хатпен" марапаттады. Әр ата-ана өткізілген іс-шара үшін алғыстарын жеткізіп, ризашылықпен тарқасты