31
май
2021
"Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар қасіреті" дөңгелек үстел
Қазақстан Республикасында "31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен "Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар қасіреті" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлт зиялыларының тарихтағы рөлін айқындау. Қазақстан Республикасының өткен тарихын зерттеу барысында тарихшы-ғалымдардың еңбектерін насихаттау.
Іс-шара барысында педагогтарға саяси қуғын-сүргін жылдарының қазақ тарихында алатын орны, өлкедегі, Қазақстандағы репрессиялардың ауқымдары мен зардаптары сөз етілді. Бүгінде Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ой-пікірлері, дереккөздер, зерттеу жұмыстары талқыланды.