08
октябрь
2021
"Бүгінгі қыз - ертеңгі ана" тақырыбында кездесу
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық апталық аясында "Бүгінгі қыз - ертеңгі ана" тақырыбында Меркі аудандық орталық аурухана салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері - Адешова Халбүбі Жексенбіқызы, медбике -Айнакулова Ұлжан Бабанқызымен кездесу өткізілді. Іс-шара қонақтары қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүретіндігі, көптеген отбасында ашық әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалатындығы - дұрыс еместігін, жеке гигиена туралы айтса, директордың құқықтық-тәрбие ісі жөнінде орынбасары Айгүл Әріпқызы "Сен өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында бейнекөрсетілім көрсетіп, тұрмыста қыз балаға көрсетілетін зорлық зомбылықтың алдын алу туралы айтса, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбекқызы жеке гигиена, қыздар тәрбиесі туралы айтып өтті,
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты. Қыздар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, еркін, ашық әңгіме, кеңес жүргізілді.
Жауапты: 9 сынып жетекшілері К.Кошкимбаева
О.Какиева
А.Алишева