30
ноябрь
2021
"Тәуелсіздік-тұғырым" мәнерлеп оқу байқауы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес және білім алушылар бойына көркемсөз арқылы туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне, патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын дәріптеу, дарынды оқушыларды анықтау, болашақта олардың дамуына ықпал ету, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы ояту мақсатында "Тәуелсіздік-тұғырым" мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауда мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатовна ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 4 сынып білім алушылары «Тәуелсіздік», «Достық», «Отан», «Қазақстан» тақырыптарында кез-келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде: 4 "Б" сынып білім алушысы -Маратұлы Нұрғиса, 4 "Г" сынып білім алушысы - Алиева Залина - І орын, 4 "Г" сынып білім алушысы - Джафарова Хакима, Халафова Севда - ІІ орын, Дуйсен Әдемі, Агаева Айлин, Гаджиева Марьям, Гулялиева Ясмина, Агаева Халида - ІІІ орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды