15
март
2022
"Үкілі кәмшат" ұлттық киімдер флешмобы
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясындабілім алушыларға ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық, киімдерін кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Үкілі кәмшат» ұлттық киімдер флешмобы өткізілді. Ұлттық нақышта жасалған киімдер мен бұйымдарды жаңғырту – өткен тарихымыздан қол үзбей, бай дәстүрімізді сақтап қалудың бір жолы. Иен даланың табиғи ерекшелігін, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, көңіл-қуатын, ой шуағын паш ететін ұлттық киімдер киген білім алушыларымыз күмбірлеген күй ырғағына қарай көрсетілім ұсынып, "Қара жорға" биін биледі. Санғасырлық қолөнер шеберлігін айғақтайтын ұлттық киімдерді ұлықтау – тарихты ұмытпау!
Теги:
123