21
март
2022
«Туберкулез, балаларыңызды сақтандырыңыздар және қорғаңыздар!»
Дүниежүзілік туберкулез күніне орай және тәрбие жұмысының дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша туберкулезбен аурудың алдын алу, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында «Туберкулез, балаларыңызды сақтандырыңыздар және қорғаңыздар!» тақырыбында мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен дәріс өткізілді.Туберкулездің жұқпалы дерт екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ оның қалай жұғатынын, қандай белгілері болатынын және одан қалай сақтану керектігін бала түгілі, ересектердің көбісі біле бермейді. Білген күнінде де салғырт. Сөйтіп, туберкулезге шалдыққанын білмей жүре береді де, онысы меңдеп, айналасындағы адамдарға жұғып, тарала береді. Өзі одан қатты зардап шегіп, ақырында қиын жағдайдаға душар болады.
Теги:
123