21
март
2022
"Наурызым - мерекем, Наурызым - берекем" бата сайысы
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында және наурыз мерекесіне орай білім алушыларға ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық салт дәстүрлері, бата түрлерін ажырату, батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, мақсатында 3, 5,6, сынып білім алушылары арасында "Наурызым - мерекем, Наурызым - берекем" бата сайысы өткізілді. Сайыс "Сәлемдесу", "Ақ бата – асыл мұра" , "Бата түрлері"(берілген сұрақтарға жауап береді), «Өнерлі өрге жүзер» кезеңдері бойынша өткізілді."Ақ бата – асыл мұра" кезеңінде сайыскерлер Ақ бата, Жас жұбайларға берілетін батасы, Серттесу батасы, Наурыз батасы, Балаларға арналған бата, Мал басына берілетін бата туралы презентация дайындап айтып берсе, "Бата түрлері" кезеңінде таңдалып алынған Төле бидің Қойгелді батырға берген батасы, Анасының Райымбек батырға берген батасы,
Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасы, Қарасай батырдың балаларына берген батасы, Бауыржан Момышұлының батасы, Кенен Әзірбаевтың келіндеріне берген батасын жатқа айтып жарысты. "Салт-дәстүрлер" кезеңінде сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаз топтар дипломмен марапатталды.

Теги:
123