29
октябрь
2022
📰🗞️«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам»

📰🗞️2022 жылдың 28 қазан күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары үшін «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында Меркі аудандық «Меркі тынысы газетінің бас редакторы Исаева Әтіркүл Тәжібекқызымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ДТІЖО Айтбаева Айнур Күмісбекқызы және мектеп мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Кездесудің мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету.
Оқушыларға журналист — жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол үстінде. Ол жүрмейтін жол, бармайтын ел, жер жоқ. Ол -қоғамның үні, қоғамның көзі. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Қай жерде, кіммен сөйлессе де оның тілі — әдеп, мәдениеттің тілі. Журналист — ой адамы. Онда ойсыз күн жоқ. Журналист — сезімнің адамы. Жасыл жағалауды көрсе жаны жасарып, тылсым табиғатқа қараса, сөзден жыр төгеді. Журналист — мінездің адамы. Ол кез келген мықтының алдында «ләпбай, тақсыр» деп жүгіре жөнелмейді. Оның пірі — халық. Журналист өз мамандығының құлы. Өз мамандығын сүймейтіндерге журналистикада орын жоқ. Оқушыларға журналист мамандығының қыр - сырымен таныстырып, сонымен қатар адамның бойында адамгершілік қасиеттер басым болу керек деп айтып өтті. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарды қойып, Әтіркүл Тәжібекқызынан нақты жауап ала алды.