07
февраль
2023
📚📚📚Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары"
📚📚📚Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары"
📚📚📚"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Оқуға құштар ауылдар" бойынша "Мұхтар Мағауин" ауылының 10 "А" сынып білім алушылары "Бір атаның балалары" атты шығармасының сахналандырылған көрініс қойды. Көріністе бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, «шаңырағым шайқалып, отым өшеді» деп отырған Ахмет шал неміс баласы Зигфридті бауырына басып алғанын, оған қазақшалап Зекен Ахметұлы деген атау бергенін, Зекенді өгейсітпей, бар мейірімін төгіп, оның жақсы адам болып шығуына барлық жағдайын жасағанын көрсете білді. Сондай-ақ, ұлтқа, нәсілге бөлінудің дұрыс еместігін, адамзатқа ауызбіршілік, бауырмалдық, достықтың қажет екенін насихаттай білді.
Сынып жетекшісі А.Алишева