Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ
29
август
2024

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

Сарымолдаев ауылы                                                                                     29 тамыз 2024 жылы


Отырыс өткен орын: А. Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясының (р.о) акт залы

Қатысқандар: мектептің ұжым қызметкерлері- 92 мұғалім

Күн тәртібінде:

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 13.08.2024 жылғы №1006 хатымен таныстыру.

            Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережесін түсіндіру

       2.    Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті 

       3.   Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті

Тыңдалды:  А. Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясының (ро) директоры М. Б. Бексұлтанова хатпен таныстырды:  Құрметті әріптестер сіздермен   педагогикалық әдеп кеңесінің жиналысын өткізіп отырмыз.

Әрбір мемлекеттік немесе келісім-шарт бойынша жұмыс атқаратын қызметші тиісті әдеп кодексі талаптарына тұрақты түрде сақтау қажет.

     Осы орайда, 2024-2025 жаңа оқу жылында мекеме басшылары мен педагогтердің күнделікті жұмысқа уақытылы келіп-кетуі, жұмыс барысында тиісті іскерлік киім үлгісін ұстануы, қоғаммен және ата-аналармен іскерлік қарым-қатынаста болуы, телефонмен сөйлесу әдебі, сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта өзін ұстауы және т.б. жалпы қызметшінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын тұрақты және қатаң түрде ұстануы қажет екендігі ескертілді.

Тыңдалды:

   Әдеп кеңесінің төрайымы М. Бекжанова мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдарымен таныстырып өтті.  

Қайырлы күн бүгінгі педагогикалық әдеп кеңесінің отырысына қатысушылар,  педагогикалық әдеп  жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын  алқалы орган болып табылады. 

Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына осы Қағидаларға, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және обьективтілік пен  әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады. 

Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды немесе қолданбауды ұсыну, тәртіптік істі тоқтату қарастырылады.

Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Н.Игенбек сөз алды.

   Педагог өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр балаға жол сілтеп,оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіретін бірден бір жан болса, ол-ұстаз. «шәкірттің жақсы болмағы-ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай,қолынан келгенінің бәрін үйретіп,бағыт-бағдар беріп,сыртқы келбетімен,киім үлгісімен,өзін-өзі ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі балалар педагогтің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады.   Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн.Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі.Педагогтің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс.

Педагог мамандығына сай талғаммен киініп,ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып,ішкі жан дүниесінің көркемдігімен,шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек.Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз.

Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап бой түзеуіне,тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.

Ұстаз –мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кездеде,қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиміс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс.Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер,бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады.Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн.Әр мәселені көтерген кезде де,өз пікіріңді білдірген кезде де,әдептен озбай сөйлеу керек.Педагог өзінің кәсіби назарындағы обьектілер болып табылатын оқушының,ата-ананың,адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді,олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап,оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп,білім алушының жетістігін(жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту қажет.

Үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Ж. Нурланкулова    Ұстаз ата-аналармен,балалармен және әріптестермен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндетті.

Чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып, мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.

Ұстаз этикасы-педагог пен бала,ата-ана мен педагог арасындағы қарым- қатынас. Педагогикалық этика-ұжым ішінде,педагогтер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын топтарда табуы тиіс. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан,оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс.Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы педагог этикасы мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептерді,орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.


Ескерту: Мекеме басшылары жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, педагогтер ауданның кез-келген жиналыстары мен семинарларында және білім бөлімі, аудандық әкімшілік пен кез- келген қоғамдық ортада іскерлік киім үлгісі сақталуы тиіс. (Ер азаматтарға классикалық ерлер костюмі мен галстук, әйел азаматттарға классикалық үлгідегі киімдер жатады.)


ШЕШІМІ:

  1.    Алдағы уақытта әрбір ұжым қызметкерлері «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11мамырдағы  №190 бұйрығында көрсетілген Әдеп қағидаларының 3-тарау, 7-ші тармақтың 1-ші тармақшасында педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта  педагогикалық әдептің негізгі принциптерін қатаң сақтасын.
  2.  Әрбір педагог кез келген қоғамдық ортада, күнделікті жұмыста іскерлік киім үлгісін            сақтасын.


Пед әдеп кеңесінің   төрайымы  М. Бекжанова


Хатшы                                    А. Алишева


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив