Темірбекова Альбина Нұрлановна » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2026

Темірбекова Альбина Нұрлановна

Мен, Темірбекова Альбина Нұрлановна, 1991 жылы 31 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
Білімім жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдап, ағылшын тілі пәні мұғалімі біліктілігін алдым.
Еңбек жолымды 2015 жылы оқушыларға арналған «Үміт сарайы» қосымша білім беру ұйымында педагог ретінде бастадым. 2019 жылға дейін осы мекемеде қызмет атқарып, оқушылардың білімін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жүргіздім.
2019–2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Қазақ Дихан ауылындағы №33 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Бұл кезеңде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, педагогтердің әдістемелік жұмысын үйлестіру, білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі еңбек еттім.
2022 жылдан бастап Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызыл Қыстақ ауылындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарып келемін. Мектепті басқару барысында білім беру сапасын арттыру, инновациялық басқару тәсілдерін енгізу, педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға баса назар аударып келемін.
Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында, «Өрлеу-Education» республикалық оқу-әдістемелік орталығында, Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығының филиалында бірқатар курстардан өттім. Ғылыми-әдістемелік басылымдарда ашық сабақтарым мен баяндамаларым жарияланды.
Еңбегім халықаралық және республикалық деңгейде Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Отбасылымын. Бір қызым және бір ұлым бар.
Қазіргі уақытта білім беру саласында жауапкершілікпен еңбек етіп, көшбасшылық, ұйымдастырушылық және жаңашылдық қасиеттерімді кәсіби қызметімде тиімді қолданудамын.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив