19
февраль
2022
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дебат турнирі
«Дебат" жобасы аясында және 1-28 ақпан аралығында «Үйірме-шығармашылық әрекетке бағытталған білім алушы креативтігін дамыту кепілі» тақырыбындағы үйірме айлығы аясында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбында "Ұшқыр ой алаңы" үйірмесінің жетекшісі Б.Дүйсебайдың ұйымдастыруымен дебат турнирі болып өтті. Дебатқа 8-9 сынып оқушыларынан құралған екі фракция қатысты. Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты ма, әлде мектеп пе?" 8а сынып оқушыларынан құралған "Оппозиция" фракциясының спикерлері: Шеңгелбай Айым, Бахыт Меруерт оппозиция позициясын, 9 а сынып оқушыларынан құралған" Үкімет" фракциясы Кеңесбай Інжу, Тулыбаева Мағрипа үкімет позициясын ұстанды. Дебат ойын барысында үкімет фракциясы "Әке көрген оқ жонар, бір әкенің берген тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды!" деген дәлелдемелер келтірді. " Оппозиция" фракциясы оппозиция позициясын ұстанып, таңертеңнен кешке дейін мектепте уақытын өткізетіндіктен, түрлі іс-шаралар арқылы бала тәрбиесіне мектеп жауапты деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Спикерлер бір - бірін толықтырып, қарсы топқа өз ұстанымдарын дәлелдеп шықты. Сарапшылар дебат ойынын қорытындылап, алда болатын турнирдің тақырыбын ұсынды.
Теги:
123