21
декабрь
2022
"Абайлаңыз балалар!"
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 19 желтоқсан күні, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылдың 6-желтоқсандағы N 01-3483 хаты, Меркі ауданың білім басқармасының 8-желтоқсандағыN1256 хаттарын негізін ала отырып "Абайлаңыз балалар!" тақырыбында сынып жетекшілер ата-аналар чаттарына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда безендіру кезінде синтетикалық және тез жанғыш материалдарды және фейерверк, пиротехникалық бұйымдарды, баска да жарықтық өртке қауіпті бұйымдарды қолдануына тыйым салынуы қажеттігі туралы ақпараттандырылды. Ашық мұз айдындарында және тау бөктеріне сырғанау кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі ескертілді. Қыс мезгілі кезіндегі сақтық шаралары мен жол қауіпсіздігі, көк тайғақ кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері айтылды. Ата-аналарға мереке және қысқы демалыс күндері түнгі уақытта қоғамдық орындарда оқушыларға жүруге болматындығы туралы қатаң ескертілді.