03
октябрь
2023
«Ақылды қария - ағып жатқан дария»
Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету - бүгінгі жас буынның басты парызы! Осы орайда Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының «Қайырымдылық» жобасы аясында қарттар күні мерекесіне орай, қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынды үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, елжандылыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдарын үлгі ету мақсатында «Ақылды қария - ағып жатқан дария» тақырыбында құттықтау акциялары өткізілді.