2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы
20
январь
2021

2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы

№ исх: 524   от: 14.12.2020

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                          город Нур-Султан                                                                                                                







2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы                          № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:   

  1. Мыналар:
  2. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) қатысу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушыларынан құжаттар (өтініштер) қабылдайтын ҰБТ өткізу пункттерінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) тізбесі;
  3. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқуға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейінді пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы ЖОО-ға ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдардан, ЖОО-лардың шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушыларынан және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар (өтініштер) қабылдайтын желілік жоғары оқу орындарының тізбесі анықталсын.

2.    ҰБТӨП ЖОО-лармен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін: 

1)    Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес қалыптастырылған аудиториялар қорының жоспарын;

2)    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электронды нұсқада ҰБТӨП бойынша ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына кандидатуралар тізімін;

3)    осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ҰБТ өткізу кезеңінде ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өкілдері ретінде жұмыс істеу үшін 25 пен 55 жас аралығындағы кемінде 3 адамнан тұратын кандидатуралар тізімін ұсынсын. 

3.    ҰБТ өткізу кезінде ЖОО-лар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары: 

- металліздегіштердің, ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдардың болуын;

- тестілеу процесін бейнебақылауды және онлайн-трансляциялауды;

- кезекшілердің және апелляциялық комиссия мүшелерінің жұмысын қамтамасыз етсін.

4.    Ұлттық тестілеу орталығы (Д.Н. Смағұлов):

1)    ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; 

2)    ҰБТ-ға өтініштерді қабылдауды Қағидаларда белгіленген мерзімде ұйымдастырсын және ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасын қалыптастырсын;

3)    ЖОО-лармен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен бірлесе отырып, 2020 жылғы                                       25 желтоқсанға дейін Министрлікке: 

–        ҰБТӨП-тер бойынша мемлекеттік комиссиялардың құрамына кандидаттар тізімін;

–        Министрлік өкілдері кандидаттарының тізімін;

–        Министрлік программистері кандидаттарының тізімін;

–        Республикалық апелляциялық комиссияның құрамына кандидаттардың тізімін;

–        арнайы мониторингтік топ қатарынан кандидаттар тізімін бекітуге ұсынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І. Көбенова) ҰБТ өткізу кезеңінде Министрлік өкілдерінің құрамына енгізу үшін кандидатуралардың тізімін 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұсынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев), Мектепке дейінгі және орта білім комитеті (М. Мелдебекова) осы бұйрықты ЖОО-лардың  және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін. 
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Министр                                                              А. Аймағамбетов


Результаты согласования
 
09.12.2020 19:01:34: Есинбаева Ж. У. (Управление формирования госзаказа) - - cогласовано без замечаний
 09.12.2020 19:18:30: Тойбаев А. Ж. (Департамент высшего и послевузовского образования) - - cогласовано без замечаний
 09.12.2020 20:28:56: Зейнуллаулы А. З. (Управление правового обеспечения) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 09:32:48: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 09:33:43: Иргебаев Е. Т. (Департамент высшего и послевузовского образования) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 09:46:02: Давлет Т. В. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 10:17:11: Дауленов М. М. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 14:57:33: Кожаева Ж. З. (Управление развития государственного языка) - - cогласовано без замечаний
 10.12.2020 14:58:58: Кобенова Г. И. (Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки) - - cогласовано без замечаний
 
 


Результаты согласования
 
10.12.2020 15:53:53: Есинбаева Ж. У. (Управление формирования госзаказа) - - cогласовано без замечаний
 Результат подписания
 
14.12.2020 18:52:12 Аймагамбетов А. К.. Подписано
 
 


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив